Шығыс Қазақстанда биыл 260 тонна пішен өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы өрт қаупі жоғарғы кезең басталғалы бері 18 рет жалын шығып, 260 тонна пішен жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 18 рет жалын шығып, соның салдарынан 260 тонна пішен жанып кетті. Тілсіз жау ірі жем-шөп жиналатын ашық аумақта да, шабындықтарда да шыққан.

Соңғы өрттер Ұлан, Күршім, Тарбағатай аудандарында тіркелген. Шабындықтарда өрт шығуының негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Құтқарушылардың айтуынша, облыс аумағында пішен өрті жиі тіркеліп жатыр. От малға тез таралады.

«Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіліп, үгіт-насихат материалдары таратылуда. Халықты қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.


Соңғы жаңалықтар