Шығыс Қазақстанда биыл 4 адам суға кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылуға болмайтын су айдындарының жағалауларына тыйым салу белгісі орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда биыл 4 адам суға кеткен

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша шомылуға рұқсат етілмеген 64 орын анықталған.

Жалпы облыстағы су айдындарының жағалауына 85 тыйым салу белгісі орнатылды.

Алдағы уақытта тағы 200-ге жуық белгі орнату жоспарланып отыр.

Бұл шара халыққа суға шомылудың қаупін түсіндіру үшін қолға алынып отыр.

Белгі орнатылған су қоймаларының ағыны қатты, түбі тексерілмеген және жақын маңда құтқару немесе медициналық бекеттер жоқ.

«Өзен-судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар демалыс базаларының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нақты айтқанда, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі, қоғамдық құтқарушыларды оқытуға өтініштер беру туралы 193 хат жолданған. Осы ретте, аймақ жұртшылығына қауіпсіздік белгілерін назардан тыс қалдырмай, рұқсат етілген жағажайларда ғана суға шомылу керектігін ескертеміз» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері облыста 4 адам суға батып кеткен.