Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір ауылдарындағы нашар мобильді интернет мәселесі алдағы төрт жылда шешімін табады.

«2027 жылға дейін 197 ауылда мобильді интернеттің сапасын жақсартуды жоспарланып отыр. 80 ауылда антенна-мачталық құрылымдарды салу арқылы интернет жылдамдығы артады. Биыл бұл жұмыстар 73 ауылда жүргізілмек», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

100-ден аз адам тұратын 48 елді мекенде спутниктік тарату және талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы мобильді интернет жылдамдығы артады.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 160-тан астам ауыл сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.


Соңғы жаңалықтар