Шығыс Қазақстанда биыл кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 22 фактісі анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жыл басынан бері кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 22 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша бизнес өкілдерін заңсыз тексерудің 22 фактісі анықталып, мемлекеттік органдардың 7 лауазымды қызметкері жауапқа тартылды.

«Облыстың барлық қала-аудандарында мобильді топтар мен «сенім телефондары» тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қадағалау қызметін цифрландыруды кеңейту шеңберінде өңір прокуратурасының сайтында бүкіл қажетті анықтамалық ақпаратты қамтитын «Бизнесті қорғау» қосымшасы бар. Сондай-ақ QR-код қойылып, оған заңбұзушылық фактілері немесе толғандырған мәселе бойынша мобильді топқа жедел қоңырау шалуға немесе жазуға болады», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстарға уақтылы ақы төлемеу фактілері тіркеліп жатыр.

Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2022 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап осы күнге дейін 213 кәсіпкерге 160 млн теңгеден астам берешек өтелді.


Соңғы жаңалықтар