Шығыс Қазақстанда биыл суға батқандар саны 15 пайызға азайды

Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымында суға батқандар саны азайып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда биыл суға батқандар саны 15 пайызға азайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар биылғы шомылу маусымын қорытындылады. Биыл өңір бойынша 2022 жылмен салыстырғанда суға батқандар саны 15%-ға азайған.

«Жаз айларында ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде 1 баланы судан құтқарды. Олар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында өзен-көлдердің жағалауына 304 тыйым салу-ескерту белгісі мен 24 баннер орнатты», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер барлығы 4400-ден астам рейд жүргізді. Соның барысында түрлі ережелерді бұзған 126 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

«Биыл суға батқандардың негізгі себебі – шомылу кезінде өз күштерін асыра бағалаудан. Барлығы облыста 6 адам суға батты. Қайғылы оқиғалар түгелдей шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Бұқтырма су қоймасында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кеткен», - делінген хабарламада.