Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен 4 балықшы іздестіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО құтқарушылары боранда адасып кеткен 17 балықшыға жәрдемдесті. 4-еуі әлі іздеуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен 4 балықшы іздестіріліп жатыр

Құтқарушылар Тарбағатай және Күршім аудандарында операция жүргізді.

Қатты бораннан, жолдың нашар көрінуінен олар адасып, жолдан жаңылысқан. 7 адам Бұқтырма су қоймасы сағасы маңында адасқан.

 «Балықшылар Алғабас ауылы «Демалыс үйі» учаскесі арасында қалған. Бораннан өз көліктерінде тығылып, қорғанған. Құқтару тобы ауылға дейін жетіп, одан әрі қалың қарда жүретін техниканы пайдаланды. Адамдарды эвакуациялау үшін шана тіркелді, деді ШӨЖАҚЖ  бөлімшесінің басшысы Талғат Нұржанов. - Балықшылар ауылдан 20 шақырым жерден табылды. Олар көліктерін тастап кеткілері келмей, эвакуациядан бас тартты».

Құтқарушылар жағалауға дейін бірге келді. Одан әрі ауылға дейін жол жоқ. Азық-түліктер мен жылы киімдермен балықшылар қыстаққа тоқтады. «Құтқарушылар ЖЖМ жеткізіп берді, боран басылған соң олар үйлеріне қайтады», - деп хабарлады ТЖД.