Шығыс Қазақстанда дала өрті 100 гектардан астам аумақты шарпыды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысының 4 учаскесінде 103 га аумақтағы құрғақ шөп жанып кетті. БҰл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шығыс Қазақстанда дала өрті 100 гектардан астам аумақты шарпыды

Ең үлкен өрт Семей өңіріндегі Жиенәлі ауылдық округінде болған . Сары Биік учаскесінде жалын 45 гектар аумаққа таралған. Семей қаласының өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері тілсіз жаумен түні бойы арпалысып, таңғы сағат 8-де ауыздықтады.

«Жоғарыда аталған ауылдық округтің Байғазы учаскесінде де құрғақ шөп жанған. Мұнда өртті ауыздықтауға 4 адам тартылды. 45 гектар аумақтағы жалын сағат 5.43-те сөндірілді. Күршімнің Юбилейный учаскесінде 10 гектар жердегі қурайларды жалын шарпыды. Мұнда 13 жергілікті тұрғын өртті сөндіруге көмектесті. Үйлесімді жұмыстың арқасында өрт бір жарым сағат ішінде толығымен сөндіріліп, одан әрмен таралмады. Өрт сөндірушілер осылайша жалынның жолын кесті» делінген хабарламада.