Шығыс Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
ӨСКЕМЕН. ҚАзАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясының тарифі 5,9%-ке артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Шығысэнерготрейд» компаниясы 4 қаңтардан бастап электр энергиясына жаңа баға белгіледі. Олар сұраған 8,5 проценттің орнына монополияға қарсы күрес ведомствосы 5,9 процентті бекітті.
Жан басына 85 кВт/сағаттан аспайтын норма үшін тұрмыстық тұтынушыларға 1 кВт/сағ электр бағасы қосылған құн салығымен бірге 10,190 теңгені құрайды.
2018 жылдан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін орташа тариф 11,642 теңгеге дейін, ал электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттілігіне пайдаланатын тұтынушылар үшін 1 кВт/сағаттың бағасы 14,488 теңгеге дейін өсті.
Еске сала кетсек, 1 қаңтардан бастап Өскемен тұрғындары үшін ыстық су мен жылуға қойылатын тарифтер көтерілген болатын.