Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені балықтарының қырылу себебін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғатты қорғау прокуратурасында ШҚО аудандарының бірінде балықтың қырылу себептерін анықтады. Мамандардың бастапқы нұсқасы расталды. Балықтар ГЭС турбинасының механикалық әсерінен зардап шеккен, деп хабарлады YK-news.kz

Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені балықтарының қырылу себебін анықтады

Еске салсақ, 23 мамырда Огневка кенті ауданында жергілікті тұрғындар өлі балықтар жағаға шығып қалғанын байқаған. Экологтар өзеннен сынама алып, 18 химиялық заттың бар-жоғын тексерді.  Барлық көрсеткіш рұқсат етілген норма шегінде болып шықты.

Ғылыми ұйым ихтиологиялық сараптама жүргізді. Қорытындыға сәйкес өлім-жітімге әкелетін механикалық зақымдану анықталды.
«Балықтардың қырылуына Бұқтырма ГЭС қызметі ықпал еткен. - деп хабарлады ШҚО табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі. - ГЭС қызметінің теріс ықпалы бөлігіндегі заң бұзушылықты жою, сондай-ақ келтірілген зиян сомасын айқындау мақсатында табиғатты қорғау прокуратурасы аумақтық инспекцияға тиісті тексеру жүргізу туралы ұсыным енгізді».