Шығыс Қазақстанда ескерту жарияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірлік ТЖД қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шығыс Қазақстанда ескерту жарияланды

«24 маусым күні Шығыс Қазақстанда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің ұйытқуы - 15,20, екпіні 25 метр секундқа дейін жетеді. Өскемен қаласында ад 24 маусым күні өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, желдің ұйытқуы 15-20 м/с», - делінген хабарламада.