Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне орай екі жол жабылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкіні жүру қаупіне байланысты өңірде екі бірдей жол жабылды.
Облыстық маңызы бар «Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында, «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-66 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.