Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды толықтай жауып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 сәуірде сағат 10.00-де «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолының 435 және 437 шақырымдарында көшкін жүрген.

«Жалпы көлемі 360 текше метр қар жолды толықтай жауып тастады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сол жерде «ҚазАвтоЖол» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қыс басталғалы бері жасанды жолмен 128 490 текше метр қар түсірген.


Соңғы жаңалықтар