Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қар көшкіні жүрді.
«Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.
Еске салсақ, 5 қаңтарда дәл осы тасжолдың бойында қар көшкіні жүрген болатын.