Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолында қар көшкіні жүру қаупі артты.

«Соған орай бүгін сағат 19.00-ден бастап аталған жолдың 420-450 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.