03:01, 04 Сәуір 2023 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда кейінгі бес күнде далада 11 рет өрт шықты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы бес күнде 11 дала өрті шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында 11 дала өрті шықты. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 3 гектардан асатын қызыл жалынды ауыздықтаған.
«Өрт қаупі жоғары кезеңде ашық алаңда шөптің жануын бақылап отыру үшін құтқарушылар ғарыштан мониторинг жасайды. Термонүктелер арқылы от шыққанын біліп, шұғыл түрде оқиға орнына аттанады. Осылайша, тілсіз жаудың ары қарай таралуына жол бермес үшін тиісті шаралар қабылданады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

- Ашық алаңда шөп өртемеңіз.
- Орманда от жағуға болмайды.
- Балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қаупін түсіндіру қажет.
- Көлікпен келе жатқанда сөндірілмеген темекі тұқылын терезеден сыртқа лақтырмаңыз.