Шығыс Қазақстанда көлік апатынан екі адам көз жұмды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ШҚО-да көлік апатынан екі адам ажал құшып, бесеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда көлік апатынан екі адам көз жұмды

Мәліметке сай, оқиға 15 маусым күні 16:05-те «Омск-Майқапшағай» тасжолында болған. «Мазда» маркалы көліктің жүргізушісі Шар қаласынан 15 шақырым жерде қарсы бетке шығып кетіп, «Тойота Королла» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан 45 жастағы «Мазда» көлігінің жүргізушісі мен осы көлікте болған 65 жастағы жолаушы әйел тіл тартпастан жан тапсырған.

«Тойота Королла» көлігінің жүргізушісі мен онда болған 4 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды» делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.