Шығыс Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында Семей қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Шолпан Садықова айтып берді.

«Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты Семей «қызыл» аймаққа өтті. Шаһарда пандемия басталғалы бері вирусқа 16 мыңнан астам адам шалдыққан. Жыл басынан бері қауіпті дертті жұқтырудың 400-ден астам жағдайы тіркелді. Олардың 80%-ында симптом бар болса, қалғаны симптомсыз вирус тасымалдаушылар. «Омикрон» штамына келетін болсақ, қалада және облыс аумағында бұл жаңа штамды жұқтырғандар жоқ», - деді ол.

Шолпан Садықованың айтуынша, ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен жаңа шектеулер енгізілді. Аталған талаптардың қатаң сақталуы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, науқастар санын төмендетеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да мектептер мен кәсіпорындардың 70%-ы онлайн форматқа көшкендігі хабарланған.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum