Шығыс Қазақстанда облыстық жолдардың барлығы ашылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда облыстық маңызы бар жолдардың барлығы қозғалыс үшін қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Кәлетаевтың айтуынша, ауа райы ахуалы жақсарғандықтан, бүгін сағат 11.40-тан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырымында (Герасимовка –Семей) жол қайта ашылды.
Еске сала кетсек, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық пен Өскемен-Семей жолының учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған болатын.