Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер ана мен баланы аман алып қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер Шығыс Қазақстан облысы Глубоковской ауданы Опытное поле ауылында екі қабатты тұрғын үйдегі өртті ауыздықтады. 

Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер ана мен баланы аман алып қалды

Бұл жайлы ШҚО ТЖ департаменті хабарлайды.
null

«Ас үй бөлмесі,  жиһаздар, 6 шаршы метр аумақтағы ағаш құрылғылар өртенді. Өрт сөндірушілер 7 адамды будақтаған түтін ортасынан алып шықты. Пәтерді тексеру барысында көз ашытатын сыртқа шыға алмай отырған  әйел және оның 6 жасар баласы табылды», - деді ШҚО ТЖД өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі Иван Ярох. Анасы мен қызының жағдайы бірқалыпты.
nullnull

Өрт сөндіруге 4 техника және жеке құрамның 17 мүшесі жұмылдырылды.