11:55, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда өткен демалыс күндері екі жігіт суға кетті
ӨСКЕМЕН. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен демалыс күні елдің шығысында екі адам - 33 және 25 жастағы екі жігіт суға кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі азамат та оқиға кезінде мас болған, деп нақтылады төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Бірінші құрбан -Зырянов тұрғыны қалалық мәдениет үйінің маңындағы жасанды су тоғанында суға батқан. Оның денесін судан жергілікті құтқарушылар алып шықты.
Ал Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің жанында суға кеткен екінші азаматтың денесі әзірге табылған жоқ.