Шығыс Қазақстанда су айдындарының жағасында мас күйде жүрген 11 адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су айдындарының жағасында мас күйде жүрген 11 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтті.


Өткен жылы шомылу маусымында өңір бойынша 7 адам суға батып кетті. Барлық жазатайым оқиға шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде болған. Қазіргі уақытта облыста суға түсуге тыйым салынған 111 учаске бар. Биыл сол жерлерге 167 тыйым салу белгісі орнатылды.

«Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер су айдындарының жағасын патрульдеуде. Өткен аптада 250-ден астам рейд жүргізілді. Соның нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен (Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу) 7 адам және 440-бабы (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бойынша 11 адам жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да арнайы жабдықталмаған жағалауда шомылған ер адамның суға батып кеткені хабарланған.


Соңғы жаңалықтар