Шығыс Қазақстанда су басқан тұрғын үйлер жоқ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көшелерден қарғын суды сорғылау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде ауа температурасының күрт жылынуына байланысты қардың жылдам қарқынмен еруі байқалады. Облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер жоқ. Көшелерде коммуналдық қызметтер еріген суды сорғылау жұмыстарын жүргізуде.

«Департамент қызметкерлері өткен тәулікте көшелерден және тұрғын үй секторынан 6832 текше метр су сорып, шығарды. Осы мақсатта 21 техника, 29 мотопомпа және жеке құрамнан 77 адам жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен тәулігіне 9245 текше метр су сорылды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ТЖД дағдарыс орталығында су тасқыны кезеңінде мониторинг жасау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылған. Құтқарушылар мен техникалар сақадай сай.


Соңғы жаңалықтар