Шығыс Қазақстанда су басып қалған үйлерден 30 адам көшірілді

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында су басып қалған үйлерден 30 адам көшірілді,

Шығыс Қазақстанда су басып  қалған    үйлерден    30 адам көшірілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданындағы Сенное селосында сәуірдің 8-інде сағат 04.40-та нөсер жауын мен еріген қар суының салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. Соның нәтижесінде 13 жекеменшік үйді су басып қалды. Су деңгейі 20-30 см көтерілген. Оқиға салдарынан 30 адам көшірілді. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға жергілікті күштер жұмылдырылды.