Шығыс Қазақстанда тоғанда балық жаппай қырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы тоғанда балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, Ушанов ауылында орналасқан тоғанда балық жаппай қырылған.

«Тоғанның аумағы 1,8 гектарды құрайды. Оқиға орнына бірден инспекция мамандары барып, мониторинг жүргізді. 40 келі өлі мөңке балық жиналды. Сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін балық пен судан сынама алынған», - делінген ақпаратта.

Мамандар оттегі мен температура көрсеткіштеріне өлшемдер жасады.

Жиналған балық санитарлық нормаларға сәйкес кәдеге жаратылған.


Соңғы жаңалықтар