Шығыс Қазақстанда тұманға байланысты жабылған жол қайта ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұманға байланысты жабылған жол қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда тұманға байланысты жабылған жол қайта ашылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 13.30-дан бастап жабылған жол қайта ашылды.

«Тұман түсіп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жабылған облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат берілді. Осы ретте, өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынғанын хабарлаған едік.