Шығыс Қазақстанда үш күнде Pfizer вакцинасын 1 900-ге жуық адам салдырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде Pfizer вакцинасын 1 900-ге жуық адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда үш күнде Pfizer вакцинасын 1 900-ге жуық адам салдырды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коронавирусқа қарсы америкалық Pfizer вакцинасын балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге салдыру науқаны жалғасуда.

«Қазіргі уақытта жалпы саны 1 900-ге жуық адам екпе алған. Вакциналау барысында барлық талаптар қатаң сақталуда. Pfizer-ді тек 12-18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі арқылы салдыруда. Жалпы облысқа аталған екпенің 35 100 дозасы жеткізілген», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО стационарларында 557 науқас коронавирустан емделіп жатқаны хабарланған.