Шығыс Қазақстанда үздік құтқарушылар марапатталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік құтқарушылар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін департамент ғимаратында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов құттықтау сөз сөйлеп, құтқарушыларға атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдірді.

«ТЖД қызметкерлері жыл сайын 5000-ға жуық көмекке аттанып, 1000-нан астам апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Соның нәтижесінде мыңдаған адамның өмірін құтқарады», - деді ол.
Шара барысында 14 құтқарушы «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталды. Олар өрт сөндірушінің қызметтік борышын абыроймен орындағаны, жанқиярлығы, ерлігі мен батырлығы үшін осындай марапатқа ие болып отыр. Сонымен қатар қызметіне адалдық танытқан ТЖД бөлімшелерінің 12 қызметкеріне ведомстволық наградалар және Алғыс хаттар берілді.
