Шығыс Қазақстанда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты, екі адам ауруханаға түсті

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 137-ші шақырымында «ВАЗ-21011» жеңіл көлігі мен «ДАФ» жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан «Жигулидің» 54 жастағы жүргізушісі қаза болды.

Шығыс Қазақстанда  жеңіл көлік пен автобус соқтығысып,  бір адам    қаза тапты,  екі адам   ауруханаға түсті
ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жол-көлік оқиғасы кеше, ақпанның 19-ы күні күндіз орын алған. Соқтығысу кезінде автобуста 12 адам болған. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, апат салдарынан «ВАЗ» көлігінің екі жолаушысы: 49 жастағы әйел мен 25 жастағы жігіт түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.