Шығыс Қазақстанда жеңіл машина мен автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында «Фольксваген» жеңіл машинасы мен «МАН» автобусының соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті,

Шығыс Қазақстанда   жеңіл  машина мен  автобустың соқтығысуы салдарынан   жеті адам зардап шекті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы кеше, ақпанның 1-і күні кешке орын алған. №12 бағдардағы автобустың салонында 49 жолаушы болған. Оқиға салдарынан зардап шеккен жеті адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.