Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше таңертең Омбы-Майқапшағай автожолының Семей қаласына кіреберісінде «ВАЗ» автомобилі мен «Мерседес» жүк көлігі соқтығысып қалды,

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, оның 4 жолаушысы алған жарақаттан сол жерде қаза тапты. Олардың бірі - 7 жастағы бала. Сонымен қатар тағы бір жолаушы, 17 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды.