Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасында екі адам қаза болып, үш адам жараланды

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Семей-Өскемен тас жолының 25-ші шақырымында үлкен жол-көлік оқиғасы орын алды.
None
None
«Мазда» және «Даймлер-Бенц» көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза болып, үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол оқиғасы ақпанның 3-і күні кешке болған. Оқиға орнында «Мазда» көлігінің екі жолаушысы: 44 жастағы еркек пен 47 жастағы әйел қайтыс болды. «Мазданың» жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар