Шығыс Қазақстанда жол оқиғаларының салдарынан екі адам қаза болып, сегіз адам ауыр жараланды

 ӨСКЕМЕН.  Шілденің 14-і.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен тәуліктерде   Шығыс Қазақстан  облысында екі жол-көлік оқиғасы  орын  алып,  олардың салдарынан  екі адам қаза болды, тағы сегіз  адам ауыр    жағдайда ауруханаға түсті, 

Шығыс Қазақстанда   жол   оқиғаларының салдарынан екі адам қаза болып, сегіз  адам ауыр жараланды

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат    тілшісі.

Атап айтқанда, кеше  кешке  Күршім-Қалғұты-Теректі  тас жолында   Қалғұты ауылынан 6 шақырымдай   жерде «ВАЗ-21114»    көлігінің  жүргізушісі   «Ниссан-Премьера»    көлігімен    бетпе-бет соқтығысып қалды.

Ал  алдыңғы күні  Глубокое ауданының  Зимовье   селосындағы  көпірде   жол-көлік оқиғасы   болып,      апат  орнында   46 жастағы  жүргізуші      қаза тапты.   Мас  болған   жүргізуші  рульге ие  бола алмай  қалып,  машина көпірден  суға құлап кеткен.