Шығыс Қазақстанда жолда қалған 2 адам эвакуацияланды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көліктері сынып жолда қалған 2 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 желтоқсан күні сағат 06.30-да Абай ауданында құтқарушылар «Қарауыл-Саржал» тасжолының 15-ші шақырымында «Audi» маркалы автокөлігі бұзылып қалған екі тұрғынға көмекке келді.
«№46 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көлікті Қарауыл ауылына дейін жеткізді. Осы ретте, өңір халқына қауіпсіздік шараларын естен шығармау қажеттігін, алыс сапарға шыққан кезде «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы біліп отыруға болатындығын еске саламыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

