Шығыс Қазақстанда ЖОО-лардың ғылыми әлеуеті өнеркәсіптерді дамытуға жұмсалады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті өнеркәсіптерді дамытуға жұмсалады. Ғалымдар мен студенттер жаңа өндірістерді ашу мақсатында жұмыла іс атқармақ. Осынау бірлескен жұмыс аясында медицина мен мұнай-газ өндірісі үшін титан мен танталдан әртүрлі бұйымдар дайындау ісі жолға қойылмақ.

Шығыс Қазақстанда ЖОО-лардың ғылыми әлеуеті өнеркәсіптерді дамытуға жұмсалады

Бұл туралы аймақ әкімі Даниал Ахметов есептік кездесуінде мәлім етті.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен  аймақтың ірі өнеркәсіп орындарының бірлескен жұмысының алғашқы қарлығашы құны 8 млрд. теңге тұратын 10  жоба болмақ. Халық алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары аймаққа не беретінін айтты.

«Нәтижесінде облыста титан және тантал өнімдерін дайындаудың  жоғары технологиялық  өндірістері  пайда болып, медицина мен мұнай-газ саласы өнеркәсіптері үшін жоғары желілер ашылмақ, сонымен қатар, «өнімсіз» кендерді қайта тиімді өңдеп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады», - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіп орындарында  НИОКР коммерциаландырудың  нәтижесі алынды.

Бұдан басқа бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазцинк» ЖШС, «Қазминералс» ЖШС-нің « Востокцветмет» корпорациясы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен Германия, Ресей және Франциядағы  серіктестер жұмылдырылып отыр.