Шығыс Қазақстанда жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабы жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биологтар Шығыс Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлері туралы материалдар жинауда, деп жазды yk-news.kz.
Жұмыс нәтижесі бойынша кітап шығарылып, ол шамамен 2020 жылы өңірдің әр оқу орнына таратылатын болады.
Әрине, Қазақстанда республикалық деңгейдегі үлкен Қызыл кітап бар. Мамандардың айтуынша, ондай кітап тіпті, екеу: біреуі сирек кездесетін жануарларға, екіншісі өсімдіктерге арналған. Алайда, бұл басылымдарға қолжетімдік жоқ.
«Қызыл кітап 1984 жылы шыққан, ал 2015 жылы қайта басылғанда өте аз данамен жарық көрді, - деп атап өтті С Аманжолов атындағы ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиева. - Бұл кітап мектептерге ғана емес, бейінді мамандар оқытылатын университеттерге де жетпеген».
Қазір облыс деңгейінде материалдарды біріктіру мүмкіндігі пайда болды.
«Бірқатар жобалар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Олардың бірі «Шығыс Қазақстан табиғаты және табиғи мұрасы» деп аталады», - деп жалғастырды ол. - Оған университеттің ғалымдар тобы қатысуда. Жұмыс нәтижесінде Шығыс Қазақстанның геологиялық атласын, облыстың тарихи-мәдени мұрасы қызыл кітабын, өсімдіктер мен жануарлар қызыл кітабын шығаруды жоспарлап отырмыз».