Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 24 монша өртенді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 24 монша өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында жыл басынан бері 24 монша өртенген. Соңғы өрт 15 тамызда Өскеменде жеке тұрғын үйдің маңындағы моншада болған.

Монша шатырының ағаш құрылымдары отқа оранды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталған.

«Моншадағы өрт өте қауіпті саналады. Себебі жалын үлкен аумаққа тез таралып кетеді. Бұл көп жағдайда жақын орналасқан құрылыстарға байланысты. Негізінен моншада өрт шығуының себебі – пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болып жатады», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.



Соңғы жаңалықтар
telegram