Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 97 көлік өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 97 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың басынан бері өңір бойынша 97 көлік отқа оранған. Соңғы өрт 1 тамызда сағат 21.49-да Өскемен қаласы М.Горький көшесінде тіркелді.

«Тоқтап тұрған «Ваз 2113» маркалы автокөлігінде аспаптар панелі мен салонның ішкі қаптамасы жанып кетті. Қызыл жалынның жалпы ауданы 1,5 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», - делінген ақпаратта.

Департамент бастығының орынбасары Серік Амангелдиннің айтуынша, көліктегі өрттердің шамамен 90%-ы электр жабдығындағы ақауға байланысты шығады.

«Күн сайын көліктің барлық жерін, әсіресе мотор бөлігін қарап шығу керек. Егер бір жерде аздап май ағып кетсе немесе жанармайдың иісі сезілсе, бұл май немесе отын құбыры зақымдалуы мүмкін деген сөз. Мұндай жағдайларда көлікті тізгіндеуден мүлде бас тартқан жөн. Бірақ бірден эвакуатордың көмегімен техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізген дұрыс», - деп түсіндірді ол.


Соңғы жаңалықтар