Шығыс Қазақстанда жылыту маусымы басталып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да мекемелерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда жылыту маусымы басталып кетті

25 қыркүйек күні Алтай қаласындағы 69 әлеуметтік нысанға жылу беріле бастады. Алтай қаласында ауа райының орташа температурасы - 15 градус жылы. Түнде градус тілі төменге түсіп кетеді.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек күндері түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, қатқақ жүретінін «Қазгидромет» те хабарлаған болатын.

«69 нысанның басым көпшілігі - балабақша, мектеп және емханалар. Олар жылу беру маусымына дайын екенін растады», – деді қала әкімі Константин Передельский.