Шығыс Қазақстандағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстандағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Оның ішінде 1 азаматта ауру симптомдары байқалған жоқ.

«Бір күнде 17 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 40 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 3,7 пайызды құрайды. Жалпы пандемия басталғалы бері аймақ бойынша 59 588 адам вирус жұқтырған», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.