Шығыс Қазақстандағы табиғи өрт авиацияның көмегімен оқшауланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілдеде Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы шамамен 20 га алаңда тауларда болған өрт 6 шілдеде сағат 15:10-да оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстандағы табиғи өрт авиацияның көмегімен оқшауланды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аймақтағы отпен күресте авиация баға жетпес көмек көрсетті.

«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшақтары, Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 ұшақтары ауадан өртті сөндірді, барлығы 125 су ағызылды.