Шығыс Қазақстандағы жол-көлік оқиғасы: Бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жол апаты Глубокое ауданында «Өскемен – Риддер» тасжолының 65-шақырымында, Зимовье ауылынан 500 метр жерде болған.

«28 жастағы «Toyota Carina» жүргізушісі Өскеменге бара жатқан. Рөлді игере алмай қалған азамат қарсы жолға шығып, 67 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Subaru Forester» көлігіне соғысқан», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Toyota Carina» көлігінің 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Үш жолаушы, оның екеуі кәмелет жасына толмаған балалар әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 345-бап, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қажетті сараптама жұмыстары жасалып жатыр.





Соңғы жаңалықтар