Шығыс Қазақстанның 10 елдімекеніне газ жүргізілді
Мемлекет басшысының бесінші әлеуметтік бастамасын іске асыру Шығыс Қазақстанда 5 жыл бұрын басталған. 2013 жылдың 10 сәуірінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШҚО Зайсан ауданының тұтынушылары үшін Сарыбұлақ-Зимұнай газ құбырынан табиғи газды өткізудің жекелеген жағдайын жасау туралы келісім жасасқан.
Газ құбыры жүргізілетін тізімге Зайсан қаласы және тағы 9 елдімекен: Қаратал, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ және Кеңсай кірді.
«Тарбағатай Мұнай» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, Зайсан ауданы тұрғындары үшін көгілдір отын жеңілдік бағамен сатылуда - бір текше үшін 11,20 теңге. Бұл - Қазақстандағы табиғи газдың ең төменгі бағаларының бірі.
Бүгінде Зайсан 40 пайыз газбен жабдықталған, бұл ретте қалаға газдың беріле бастағанына бес жыл болды.