Шығыс Қазақстанның ауыл еңбеккерлері картоп мен көкөніс жинауға кірісті

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданының шаруа қожалықтары картоп пен көкөніс жинауға кірісті.
None
None

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтері бойынша, көкөніс пен бақша өнімдерін Глуховское ауылдық округінің аргоқұрылымдары алғашқылардың бірі болып бастады. Мұндай өнімдер өсіруге мамандандырылған шаруа қожалықтары 220 гектардан астам алқаптың егінін жинады.

Семей қаласының базарларына үш мың тоннадай көкөніс және екі жарым мың тонна картоп жөнелтілді. Көкөніс плантацияларындағы орташа түсім әр гектардан 130 центнерден, ал  картоп - 100 центнерден айналды.

Глуховтық бақша өсірушілер тамыз айы басталғалы қала тұрғындарына екі мың тоннадан астам қарбыз жіберді.

Соңғы жаңалықтар