Шығыс Қазақстанның Сенное ауылындағы су тасқыны салдарынан көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Сенное ауылындағы су тасқыны салдарынан көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтып оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданындағы Сенное селосында сәуірдің 8-інде сағат 04.40-та нөсер жауын мен еріген қар суының салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтеріліп, соның нәтижесінде ауылдың 50 шақты тұрғыны басқа жаққа көшірілгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Сол күні кешке Ново-Поляновка ? Сенное электр желісі апатты жағдайда сөніп қалып, Ново-Поляновка, Сенное, Поромоновка, Соломоновка, Малонарымка ауылдары жарықсыз қалды. Жарық желісі кеше, сәуірдің 9-ы күні сағат 13.00-де қайта іске қосылды. Сәуірдің 9-ы күні Үбе өзеніндегі кептеліп қалған мұз сеңдері жарылғаннан кейін, су жаңа арнамен ағып, оның деңгейі төмендеді. Ойпаттағы Сенное ауылына кеткен судың беті қайтарылды, су басып қалған 13 ауланың тұрғындары үйлеріне оралды.