Шығыс Қазақстанның таулы жерлерінде 23 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 23 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20-23 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар