Шығыс Қазақстанның жаңа әкімі Семейде жұмыс сапарымен жүр

СЕМЕЙ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семейде жұмыс сапарымен жүр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әкім сапарын «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған және жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің инновациялық-зияткерлік мектебін аралаудан бастады. Б.Сапарбаев ағымдағы жылы 1200 оқушы қабылдайтын жаңа білім ошағындағы жағдаймен танысты. Мектепте 40 оқу кабинетімен қоса, бірнеше зертхана, тәжірибелік сабақтар өтетін кабинеттер, оқу залы бар кітапхана, мәжіліс және спорт залдары бар. Мектептің сондай-ақ терапевт, стоматолог, психолог және ем-дом жасалатын кабинеттерімен қоса өз емханасы жұмыс істейтін болады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен және «Жұлдыз-Ардақ» балаларды тәрбиелеу орталығының жұмысымен танысты, республикалық селекторлық кеңестің жұмысына қатысты. Б.Сапарбаев бүгін күні бойы тағы бірқатар нысандарды, атап айтқанда жылумен жабдықтаушы мекемені, дәріханаларды, шағын және орта бизнес нысандарын аралайды, Семейдің шағын және орта бизнес кәсіпорындары өнімдерінің көрмесінде болады, «Шығыс» аймақтық қолбасшылықтың басшылығымен, аймақ ақсақалдарымен және қала жұртшылығымен кездесулер өткізеді.
Соңғы жаңалықтар