Шығыс Қытайда жеңіл көлік топ адамға соғылды, үшеуі қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Цзянси провинциясының оңтүстік-шығысында жеңіл көлік бір топ адамға соғылып, үш адам ажал құшты, тағы 18 адам зардап шекті.
Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті, деп хабарлады Синьхуа.
Жергілікті полиция хабарламасына сәйкес апат Фэнсинь уезі жолдарының бірінде сағат 07:15-те орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендердің басым бөлігі мектеп оқушылары.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, жүргізуші ұсталды.
Тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.