Шығыс Қытайдағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайдағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Шығыс Қытайдағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Ханчжоу қаласындағы қақтығыстар қоқыстарды жағатын зауыт құрылысы жоспарына қарсы митингіде тұтанды.

Билік орындарының мәліметтері бойынша, зардап шеккендердің ішінде кемінде 10 қарсылық білдіруші мен 20 полицей бар.

Бір қарсылық білдіруші елеулі жарақат алды, бірақ оның өміріне қауіп жоқ, сондай-ақ бір полицей де едәуір жарақат алды.

Акция кезінде 30-дан астам машина төңкерілді. Қарсылық білдірушілер екі полицей машинасын жағып жіберді және төртеуін бүлдірді.

Қарсылық білдірушілердің пікірінше, қоқыс жағатын зауыт қаладағы онсыз да нашар қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС гонконг БАҚ-ына сілтеме жасап.