«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердің кіші офицерлер құрамы қайта емтихан тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердің кіші офицерлер құрамын аттестаттау аяқталды. Емтихан тексеруіне барлығы 1 670 офицер тартылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

Нәтижесінде олардың 40 %-ы өздерінің әскери білімдерін, ептілігін дәлелдеп, жоғарғы лауазымдар резервіне қосуға ұсынылды. Қалған 60 %-ы барлық сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырып, өздерінің кіші буын командирлері ретіндегі біліктілігін көрсетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының басқармасы кадрлар бөлімінің бастығы подполковник Михаил Пичкаревтың айтуынша, офицерлік құрамды аттестаттау - түрлі деңгейде дайындалатын командирлерге баға беру. Сонымен қатар, өздерін қызметте жақсы қырынан көрсеткен талантты офицерлерге, жаңа мансаптық өсу сатысын айқындау болып табылады. ҚР Қарулы Күштерінде аттестация әр үш жылда жүргізіледі. Одан атағы мен лауазымына қарамастан барлық офицерлер өтеді. Бала күтімі жөніндегі демалыстан кейін қызметке кіріскен әйел-әскери қызметшілер, сондай-ақ 2015 жылғы жоғары әскери оқу орнын бітірушілерден басқаларының барлығы өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл ҚР ҚК офицерлер корпусын жоспарлы аттестаттауы екі кезең бойынша өтуде. Ағымдағы жылдың 12 қаңтары мен 1 маусымында офицерлер, әскери лауазымдағы қызметкерлер, батальондар (дивизиондар), бөлімдер командирлері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ қызметте және жеке мінез-құлқында кемшіліктері бар офицерлер өтті. Атап айтсақ, осы жылдың 1 маусымынан бастап 1 қарашаға дейінгі екінші кезеңде қалған бар офицерлік құрам аттестациядан өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар