«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері маңызды нысандарды күзетуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс мнистрлігіне сілтеме жасапа хабарлайды.
Әскери бөлімшелер өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағында стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетуді жүзеге асырады.
Құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып елді мекендердегі кіреберістерде бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар орындалады.
Өңірлік қолбасшылықтағы әскери бөлімдер мен бөлімшелерді генерал-майор Асан Жүсіпов басқаруда.